Түркістан облысында «АLTYN KÚZ -2023» салтанатты мерекесі өткізілді
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында облыс орталығы Түркістан қаласында, «Конгресс Холл» көп салалы кешенінде Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай «АLTYN KÚZ -2023» салтанатты концерттік іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалды, облыстық мәслихат төрағасы Н. Абишов қатысып, ауыл шаруашылығы саласында сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлерін, саланың үздіктерін, аудан қала әкімдері және озат агроқұрылым басшыларын марапаттады.
Озат аудандар қатарынан, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту көрсеткіштері бойынша Сайрам ауданы 3 орын, Жетісай ауданы 2 орын, Қазығұрт ауданы
1 орынды иемденді.
Іс-шарада Республика, облысқа танымал эстрада жұлдыздары көрермендерге өз ән-шашуларын арнады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына іс-шара барысында ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі таныстырылып, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізілді.
Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 30 % құрайтын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі саласы табылады.
Ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері ағымдағы жылдың 9 айына жоғарғы көрсеткіштермен қорытындыланып отыр.
Жалпы өнім көлемі 802,6 млрд.тг құрап, Республика бойынша
1 орынға шықты (индексі 101,8 %).
Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 82,2 млрд. тг тартылып, 1,5 есе;
Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 11,3 млрд. тг инвестиция тартылып 1,8 есе ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 250,3 млн.АҚШ долларын құрап, 1,4 есеге артты.
Ауыл шаруашылығы егіс көлемі 9 мың га артып, ауыл шаруашылығы дақылдары 870,2 мың га орналастырылды. Рекордтық 3,3 млн. тонна өнім жиналды.
Мал шаруашылығы өсімі 5 %-ға қамтамасыз етілді.
Облысымыз Республикада ет экспорты бойынша көшбасында. Экспортқа шығарылған Ірі қара мал етінің үлесі — 85%, ұсақ мал етінің – 60% өңірдің үлесінде. 9 айдың қорытындысы бойынша 10 мың тонна ірі қара мал еті, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.
Мемлекет басшысының елімізде халықтың табысын арттыру жөнінде берген тапсырмасы аясында «Ауыл аманаты» жобасы өңірде нәтижелі жүзеге асырылуда. Жоба бойынша 16 ауданда пилоттық түрде 64 ауылдық округтері анықталды, жаңадан 75 кооперативтер құрылды. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн 127,3 млрд. теңгеге жеткізіледі.