Қоғам

Түркістан: «jas keñes siyligi» жастар байқауының жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден беріледі

«Jas Keñes Sıylığı» — ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық — еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Озода Маннопова мәлімдеді.

«Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.

Биылғы жылы 10 номинация бойынша үздіктер анықталады. Атап айтқанда, ішкі істер және қарулы күштер саласында — «Janqıarlyq», медицина саласында — «Altyn jürek», өнеркәсіп саласы бойынша — «Önerkäsıp», әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер үшін — «Bolaşaq turaly qamqorlyq», білім саласының қызметкерлеріне — «Bılım jäne Ğylym», төтенше жағдай қызметкерлері үшін — «Qaisar», жұмысшы мамандықтар үшін — «Altyn qol», энергетика саласының мамандарына — «Zharyq», агроөнеркәсіп саласындағы азаматтар үшін — «Örken», ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы мамандар үшін — «Örleu» номинациялары өз иелеріне табысталатын болады»-деп баяндады сала маманы.

Сондай-ақ баспасөз жиынында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Маратұлы байқаудың ережелері туралы баяндады.

«Сыйлыққа үміткер болу үшін еліміздің 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылдың 20 шілдесіне дейін https://www.jas-kenes.kz/application сілтемесі арқылы беруге болады. Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинацияда 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі. Сыйлық пен кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан біле аласыздар»-деді спикер.

TuraNews

Back to top button