Қоғам

Түркістан: Цифрлық даму министрі бағдат мусин түркістан облысының тұрғындарымен кездеседі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1 желтоқсан күні сағат 11:10-де Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекенжайы: 160 орам, 236 ғимарат) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Сондай-ақ 1 желтоқсан күні сағат 12:00-де «Ұлы дала елі» музейінде Түркістан облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді. (мекенжайы: Жолбарысхан көшесі, 1/2)

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (701) 729-85-57 және 8 (707) 929 85 57 (жұмыс уақыты) телефондары арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесу ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

TuraNews

Back to top button