Қоғам
Turkish Airlines ұшқышы ұшу кезінде қайтыс болды
Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы 8 қазан күні сағат 19:00-де Сиэтлден ұшып шыққан рейс кезінде есінен танып, қайтыс болды.
The New York Times хабарлауынша, 59 жастағы Илчехин Пехливан ұшу кезінде есін жоғалтқан, экипаж мүшелері оған шұғыл медициналық көмек көрсетуге тырысқан, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Осыдан кейін екінші ұшқыш Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежайға қонуға рұқсат сұрап, ұшақты шұғыл түрде қондырған. Жолаушылар Стамбулға басқа рейспен жіберілген.
Әуе компаниясы ұшқыштың денсаулығы бойынша үнемі медициналық тексеруден өтіп тұрғанын, бірақ дәрігерлер оның денсаулығында ешқандай ақау таппағанын хабарлады. Пехливан соңғы рет биыл наурыз айында медициналық тексеруден өткен.