БастыТуризм

Turkish Airlines 13 жылдан кейін Сирияға қайта ұша бастады

Түріктің Turkish Airlines компаниясы араға 13 жыл салып, Сирияға әуе рейстерін қайта жандандырды.

Turkish Airlines әуе компаниясы Сириядағы азаматтық соғысқа байланысты 2012 жылғы 1 сәуірде тоқтатылған рейстерін қайта бастады, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстанбұл әуежайынан Дамаскке дейін ұшқан алғашқы TK 846 рейсі аттанды.

Паспорттық бақылаудан өткен 349 жолаушы ұшаққа мінді.

Жолаушылардың бірі Фатма Захра Түркияға 2 жасында келген. Журналистерге берген сұхбатында ол отбасымен бірге туған еліне оралатынын айтты.

«Менің жасым он төртте. Осыған дейін өз елімді көрген емеспін. Туған жерімді алғаш рет көрейін деп отырмын, қатты толқып тұрмын. Біз Дамаскіден Алеппоға әжемізге қонаққа барамыз», – деді жолаушы.

TuraNews

Back to top button