БастыЭкономика

Түркіменстан «Галкыныш» газ кен орнындағы өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр

Түркіменстан елдегі ең ірі кен орындарының бірі – Галкынышта газ өндіруді айтарлықтай арттыруды көздеуде.

Түркіменстанның халықаралық ақпараттық орталығының хабарлауынша, бұл жайында туралы «Түркіменстанның мұнайы мен газы-2024» (OGT-2024) халықаралық конференциясы мен көрмесі аясындағы «Табиғи газды монетизациялау – энергияға көшудегі негізгі төмен көміртекті отын» тақырыбындағы панельдік пікірталаста «GaffneyCline» компаниясының директоры Стивен Траверс айтты.

«2030 жылға қарай бұл кен орнында газ өндіру тәулігіне 160 миллион текше метрге дейін артады, бұл Түркіменстанның экономикалық өсуі мен мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», — деді компания директоры.

Оның айтуынша, осы ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін кен орнын белсенді дамыту, оның ішінде өндіріс пен өңдеу технологияларын жаңғырту қажет. Сонымен қатар, газ көлемін ұлғайту елдің қаржылық көрсеткіштерін жақсартып қана қоймай Түркіменстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын экспорттық бағыттарды әртараптандыруға мүмкіндік береді.

«Инфрақұрылымға және заманауи технологияларға салынған инвестиция жобаны сәтті жүзеге асырудың маңызды факторы болмақ. Бұл газ өндіру тиімділігін арттыруға және сонымен бірге кен орнын пайдалануға байланысты экологиялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді»,» — деп қосты ол.

Айта кетейік, осыған дейін компания Түркіменстандағы Табиғи газ ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, «Галқыныш» газ кен орнын игерудің жеті кезеңдік жоспары жасалғанын мәлімдеген болатын.

TuraNews

Back to top button