Экономика

Түркіменстан дизель отынының бағасы ең төмен 10 елдің қатарына енді

Түркіменстан 2024 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша дизель отынының бағасы ең төмен он елдің ішінде 7-ші орында тұр.

Global Petrol Prices порталының мәліметінше, Түркіменстандағы дизель отынының бір литрі $0,0286 тұрады, бұл Түркіменстанды дизель отынының бағасы ең қолжетімді елдер арасында жетінші орынға қояды, деп жазады Trend агенттігі.

Венесуэланың бір литрі $0,004 бағасымен тізімнің басында көш бастап тұр. Сонымен қатар, дизель отынының бағасы ең төмен елдер тізіміне Иран, Ливия, Ангола, Алжир, Мысыр, Сауд Арабиясы, Кувейт және Эквадор да кірді.

Сондай-ақ, дизель отынының ең жоғары бағасы Сингапур, Израиль, Финляндия, Албания, Швейцария, Лихтенштейн, Исландия, Орталық Африка Республикасы, Монако және Гонконг сияқты елдерде тіркелді. Ал ең жоғары баға Гонконгта байқалады – литріне 3145 доллар.

TuraNews

Back to top button