Қоғам

Түркияның Сакария аймағымен білім саласында ынтымақтастық нығаюда

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұлдың Түркияның студенттік қалалары қатарына кіретін Сакарьяға жасаған сапары барысында екі мемлекет арасындағы білім саласында ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Сакария губернаторы Яшар Караденизбен, Сакария университеті және Сакария қолданбалы ғылымдар университетінің ректорларымен болған кездесулер барысында түрік тарапы аталған өңірде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жалпы біліміне жоғары баға беріп, жас буынның Қазақстан мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жан-жақты танытып жатқандығы атап өтті.

©gov.kz

Өз кезегінде Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл соңғы жылдары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндап, жалпы Сакарья өңірімен инвестициялық, мәдени және басқа да бағыттарда ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігіне тоқталды.

Қазақстандық студенттермен болған кездесу барысында жас ұрпақтың бауырлас елде оқу барысында туындайтын түрлі мәсеселері талқыланып, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Ыстанбұл және Анталиядағы Бас консулдықтары тарапынан әзірленген 3-4 курс студенттеріне арналған міндетті тағылымдамадан өту жобасы studentabroad.kz платформасы таныстырылды.

 

TuraNews

Back to top button