БастыМәдениетТуризм
Trending

Түркияның Қаратеңіз аймағы: табиғат, тарих және дәмді тағамдар

Түркияның Қаратеңіз аймағы таза ауасы, жасыл төбелері мен мөлдір жағажайлары арқылы жазғы демалыстың таптырмас орнына айналған.

Аймақтың басты қазынасы – салқын самал ескен жайлаулар. Мұнда ағаштан салынған дәстүрлі үйлерде қонып, табиғатпен етене араласуға болады. Бұл өңір тарихы, тылсым табиғаты, өзіндік мәдениеті, ерекше тағамдары және шай дәстүрімен де танымал.

Сүмела монастыры

1. Батыс Қаратеңіз – табиғат пен мәдениеттің тоғысқан мекені

Ыстанбұлдан небәрі 4 сағаттық жолдағы Болу қаласында Йедигёллер ұлттық саябағы және «Slow City» («Баяу қала») тізіміне енген Гөйнүк пен Мудурну қалалары орналасқан. Жақын маңдағы Карабүкте ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы әрі «Slow City» тізіміндегі Сафранболу қаласы бар. Кастамону өзінің сәнді үйлерімен, ЮНЕСКО-дағы Махмут Бей мешітімен және Дадай қалашығымен ерекшеленеді. Синопта – Түркияның ең солтүстік нүктесі Інжебурун, Синоп қамалы және Герзе орналасқан. Самсун – Тәуелсіздік соғысы басталған қала. Мұнда Бандырма кемесінің көшірмесі мен ЮНЕСКО тізіміндегі Қызылырмақ дельтасының құс қорығы бар.

Болу

2. Шығыс Қаратеңіз жайлаулары

Орду мен Гиресун қалалары Lonely Planet басылымының «Best in Travel 2025» тізіміне енген. Ордудағы Чамбашы, Першембе және Кейфалан жайлаулары – таза ауасы мен мөлдір суымен танымал. Першембе мүйісі – көне Ясон және Аргонавтар аңызы өрбіген жер. Гиресунда Күмбет, Бекташ, Сис тауы жайлаулары, сондай-ақ ЮНЕСКО қорғауына алынған ысқырып сөйлеу тілі сақталған Қушкөй ауылы орналасқан.

Ризе

Трабзон қаласы – мәдениет пен табиғат орталығы. Мұнда ЮНЕСКО-дағы Сүмела монастыры, Трабзон қамалы, Айя София мешіті және Мачка-Шолма, Эрикбели, Лустра, Карестер жайлаулары бар. Ризеде – әйгілі шай алқаптары, Айдер жайлауы және Фыртына өзені бойындағы Зил қамалы орналасқан. Артвин – терең жасыл аңғарлары мен Қачкар, Кафкасөр жайлауларымен, ЮНЕСКО тізіміндегі Шавшат қаласымен және Камили биосфералық қорығымен танымал.

Шай жинау

3. Қаратеңіздің дәмін татыңыз

Аймақтың асханасы ерекше: жүгері ұны, май және ірімшік қосып пісірілетін куймак тағамы, қырыққабаттан (қаралхана) әзірленетін тағамдар, әйгілі хамсы балығы. Ризе шайы – әлемдегі ең табиғи шайлардың бірі. Орду мен Гиресун – ең сапалы фундуктың отаны. Самсун пидесі, Сафранболу лукумы немесе Трабзондағы Хамсикөй сүтлағы – нағыз гастрономиялық сапардың бір бөлігі.

Қаратеңіз асханасы
куймак тағамы

 

TuraNews

Back to top button