Түркияда өткен шілдеде аптап ыстық болды. Одан кейін Ыстамбұлда ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілді, деп жазады Kazinform агенттігі.
Мұндай ыстық ауа райы соңғы 85 жылдағы рекорд ретінде тіркелді. Метеорологтардың мәліметінше, 1938 жылы ең жоғары жылу +40 градус Цельсий болған.
Ал, Анталия курортында ауа температурасы қазірдің өзінде +37 градусқа дейін көтерілсе, елдің батысында — Измир облысында +36 градусқа дейін көтерілді.
Ыстықтың кесірінен түнде де түрік жағажайлары туристер мен жергілікті тұрғындарға толды.
Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде термометрлер қазір рекордты жаңартып жатыр. Шанлыурфа провинциясында ауа температурасы +49 градусқа дейін көтерілді. Адамдар көлеңкеде тығылып, субұрқақтар мен басқа да су айдындарында шомылуда.