Түркияның оңтүстіктегі Адана провинциясының Козан ауданында 5,5 балдық зілзала болды. Бұл туралы «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу басқармасының ақпараты бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:44-те тіркелген. Ошағы 11,27 шақырым тереңде жатыр.