
Түркияның машина экспорты жылдың 10 айында 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,9 пайыз артып, 23,4 миллиард долларға көтерілді, деп хабарлайды TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Машина экспортшылар одағы мәлімдеме жариялап, машина өндіру өнеркәсібінің экспорты биылғы қаңтар-қазан арасында 23,4 миллиард долларға жеткенін білдірді.