Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды
Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды., деп хабарлайды Turanews.kz.
Зілзала эпицентрі Шығыс Анатолиядағы Ешилюрт ауданында орналасқан. Апат салдарынан 29 үй опырылып құлап қалған. 1 адам қаза тауып, 110 тұрғын жарақат алды.
Зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 12:04-те тіркелген. Оның эпицентрі Йешилютр ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 6,96 км тереңдікте жатыр.
Еске салайық, 25 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:27-де Түркияның орталық бөлігіндегі Нигде провинциясында жер сілкініп, магнитудасы 5,3 болды. . Оның ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Бұған дейін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингеле, Сивас және Конья провинцияларында 24 ақпанда кешке және 25 ақпанға қараған түнде жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.