Әлем

Түркияның халық саны 85 миллионнан асты

Түкрияда 2023 жылдың 1 қаңтарында халық саны 85 миллион 372 мың 377 адам болды.

Түркия Статистика Институты (TUIK) «Мекенжайға негізделген халықты тіркеу жүйесі 2023 нәтижелерін» жариялады.

Осыған сәйкес 2022 жылы 85 миллион 279 мың 553 болған ел халқы, 2023 жылы 92 мың 824 адамға артып, 85 миллион 372 мың 377 адамға жетті.

TUIK-тің мәліметінше, жалпы халық санының 50,1% – ерлер (42 миллион 734 мың 71 адам), 51,2% – әйелдер (42 миллион 638 мың 306 адам) құрады.

Халықтың жылдық өсу қарқыны 2022 жылғы 7,1 промилледен 2023 жылы 1,1 промиллеге дейін төмендеді.

Облыс және аудан орталықтарында тұратын халық саны 2022 жылы 93,4 пайызды, ал 2023 жылы 93 пайызды құрады.

Қалалар мен ауылдарда тұратын халықтың үлесі 6,6 пайыздан 7 пайызға дейін өсті.

Сондай-ақ, Түркияда тұратын шетелдік халық саны өткен жылмен салыстырғанда 253 мың 293 адамға азайып, 1 миллион 570 мың 543 адамға жетті.

TuraNews

Back to top button