Түркияның Қаратеңіз аймағында орналасқан Токат қаласы 800 жылдық тарихы бар тоқыма – Токат орамалымен танымал, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Токат орамалы өңір әйелдерінің күнделікті тұрмысында кең орын алады.
Токат орамалы Токат қалалық муниципалитетінің өтінішімен 2020 жылы Түркияның Географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды. Орамал Анадолының Селчук және Османлы мемлекеттері билігінен бері геометриялық және табиғи нақыштар қолданылып өндіріледі. Саудагерлердің үлкен қызығушылығының арқасында Османлы кезінде салық алынған сауда тауарына айналған. Сонымен бірге Токат қаласы тысында өндірілуіне тыйым салынған.
Токат орамалын матаға бояу жағу арқылы суреттеп жасайды. Немесе ағаш қалыптарды бояуға батырып, оны матаға басады. Орамалға басатын қалыптар тек жөке ағашынан ойылып жасалады. Орамалдар бір түсті және түрлі түсті деп екіге бөлінеді. Сурет басылған матаны орамал ғана емес, қол орамал, жастық, көрпе және көрпеше ретінде де қолданады. Токат орамалында әсіресе матаның түрі мен сапасы өте маңызды. Мақтадан жасалған мата қолданылады. Себебі мақта маталарға принт жақсы түседі. Бояу ыдырап кетпейді. Жуғанда да ақпайды. Нақыш ретінде геометриялық фигуралармен қоса жүзім жапырағы, шие, талшын секілді жемістер салынады. Бояу ретінде тек табиғи бояулар қолданылады.