ҚоғамТуризм

Түркияның ең жылдам метросы іске қосылды

Түркияның және Ыстамбұлдын ең жылдам метросы «Кағытхане-Ыстамбұл әуежайы метросы» іске қосылды.

Түркияның ең жылдам метросы Кағытхане-Ыстамбұл әуежайы метро желісі, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ердоған, ұзындығы 34 шақырым болған метро желісінің Кағытхане ауданынан Ыстанбұл әуежайына дейінгі қашықтықты 24 минутта өтетінін атап өтті.

Жаңа метро желісінің ашылуымен Ыстамбұл әуежайына:

  • Кағытханеден 24 минутта,
  • Эсенлерден 45 минутта,
  • Таксимнен 41 минутта,
  • Зинжирликуйудан 33 минутта
  • 4-ші Левенттен 35 минутта жетуге болады.

Қягытхане-Ыстамбұл әуежайы метро желісінде саяхат бір ай бойы тегін.

TuraNews

Back to top button