Әлем

Түркияның Еге аймағында жер сілкінді

Түркияның Еге аймағындағы Мұғла қаласында 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Turanews.kz  Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Мұғланың Даламан ауданында Түркия уақытымен кешкі сағат 6-дан кете 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі шамамен 7 шақырымға жетті. Мамандардың хабарлауынша жағымсыз жағдай тіркелген жоқ.

Айта кетейік бүгінге дейін Түркияда 33 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген.

TuraNews

Back to top button