Әлем

Түркияның Бурса провинциясында бірнеше фабрика өртеніп жатыр

Түркияның Инегель өндірістік аймағында өрт шықты. Өрт жақын жердегі иірілген жіп шығаратын және ағаш материалдарын өндіретін төрт фабриканы шарпыған, деп хабарлайды Түркияның TRT Haber агенттігі.

Өрт сөндіруге 4 тікұшақ, 110 өрт сөндіру машинасы мен жеке құрамның 200 адамы тартылды. Жақын маңдағы зауыттардың қызметкерлері эвакуацияланды. Төрт адам ауруханаға түсті.

Оқиға орнына Бурса провинциясының губернаторы Якуп Джанболат келді. Ол осы учаскеде көптеген зауыттар барын және өрттің тез таралып жатқанын хабарлады.

«Зауыттың барлық қызметкерлері эвакуацияланды. Құрбандар жоқ. Екі адам ысты газдан уланып, ауруханаға түсті. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деді губернатор.

Оқиға орнында Инегелден және жақын жердегі аудандардың өрт сөндірушілері жұмыс істеп жатыр, әуе күші тартылды.

Еске салайық, Түркияның оңтүстігінде Мугла провинциясында Бодрум әуежайы маңында орман аумағында өрт тұтанғанын хабарлаған едік. Бұл ауданда қазір ауа температурасы 43 градустан асады.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button