БастыЭкономика

Түркияның Африкаға экспорты артып келеді

Түркия экспорттаушылар ассамблеясының (TIM) мәліметінше, 2024 жылы елдің Африкаға экспортының көлемі 1,7 пайызға артып, 19,4 млрд долларды құраған.

Түркия Африкамен сауда-экономикалық қарым-қатынасты 2003 жылы белсенді түрде дамыта бастады. Арнайы бағдарлама қабылдап, талай бірлескен жобаны қолға алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Осылайша, Түркия Африканың 56 еліне тауар экспорттады. Бұл оның жалпы экспортының 7,4 пайызын құраған.

Негізгі серіктес елдер — Мысыр, Марокко және Ливия.

Мысырға экспорт 3,5 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға артқан. Мароккоға экспорт 3,1 млрд долларды, ал Ливияға – 2,5 млрд долларды құрады.

Африкаға экспортталған түрік өнімдері сан алуан. Оның ішінде бірінші орындағы химия өнімдері 3,1 млрд долларға сатылды. Екінші орында 2,5 млрд доллар көрсеткішімен автомобиль өнеркәсібі, электр энергетикасы мен электронды өнімдер тұр.

TuraNews

Back to top button