Түркияның 100 жылдығы Қазақстанда да аталып өтті
Түркия Республикасының 100 жылдығы бауырлас Қазақстанда да аталып өтті. 29 қазан Республика күні мен Түркия Республикасының 100 жылдығы елорда Астанада салтанатты қабылдауда тойланды.
Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу ұйымдастырған қабылдауға Қазақстан Парламентінің Төрағасы, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары, сондай-ақ қазақстандық депутаттар, түрлі елдердің елшілері, түрік-қазақ мекемелерінің өкілдері және көптеген қонақ қатысты.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери оркестрінің екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындауымен басталған салтанатта президент Режеп Тайып Ердоғанның 29 қазан Республика күніне арналған бейне үндеуі жарияланды. Бұдан кейін сөз сөйлеген елші Капуджу Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен ұлы түрік ұлтының жылдар бойы азаттық үшін күресте көрсеткен пидақорлықтарының нәтижесінде республиканың осыдан 100 жыл бұрын 1923 жылы 29 қазанда жарияланғанын айтты. Ол сонымен қатар Түркия-Қазақстан қарым-қатынастарына тоқталды.
Капуджу «Түркия Қазақстанды алғаш мойындаған ел болуымен қатар, қазақ бауырларымызбен тарихи және мәдени байланыстарымызды ешқашан үзбегенімізді атап өткім келеді. Соңғы 30 жылда Түркия мен Қазақстан бір-біріне жақындай түсті. Екі жақты қарым-қатынасы да, халықаралық платформалардағы ынтымақтастығы да ерекше деңгейде. Түркия Қазақстанның бір бөлігі болып табылады” деді.
Қазақстан Парламентінің Төрағасы Қошанов сөзін бастамас бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді. Тоқаев өз жолдауында Президент Ердоған мен барша түрік халқын Республиканың 100 жылдығымен құттықтады. Түркияның дамып келе жатқан экономикасына, тұрақты өркендеуі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерекше орнына назар аударып, президент Ердоғанға жаңа ғасырда осы жетістіктерді жалғастыруын тіледі.