
Алдағы бейсенбіде өтетін Сенат отырысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.
Заңның мақсаты – фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болғызбау үшін өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.
Келісімнің күші фитосанитариялық шаралар тұрғысынан, әсіресе халықаралық тасымалдау жағдайларында зянкестер үшін жасырыну орны бола алатын немесе олардың таралуын жеңілдететін кез келген өсімдікті, өсімдік өнімін, жинау орнын, қаптаманы, тасымалдауды, контейнерді, топырақты және кез келген басқа организмді, объектіні немесе материалды қоса алғанда, карантинге жатқызылған барлық материалдарға қолданылады.
Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттар Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады және бұған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Палата комитеттеріне бөліп берді.