Әлем

Түркиялықтардың орташа өмір сүру жасы қысқарды

Түркияда адам туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы 77,5 жас болып белгіленді. Бұл көрсеткіш 2019-2021 жылдар аралығында 77,7 жыл болған, деп хабарлайды Түркия Статистика комитеті.

Мекеменің мәліметі бойынша, 2020-2022 жылдар аралығында туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы 77,5 жас деп белгіленді. Өткен жылдардағы көрсеткішке қарағанда өмір сүру ұзақтығы қысқарғаны анықталды. Бұл кезең ерлер үшін орта есеппен 74,8 жасты, ал әйелдер үшін 80,3 жасты құрайды. Демек, әйелдер еркектерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді екен.

Сонымен қатар, Түркияда 50 жастағы адамның орташа қалған өмір сүру ұзақтығы 29,8 жас болса, бұл кезең ерлерде 27,4, әйелдерде 32,2 жасты құрайды екен.

Source
Inbusiness.kz

TuraNews

Back to top button