Түркиялық әуе компаниялары кешіккен рейс үшін жолаушыларға 600 еуроға дейін өтемақы төлейтін болды, деп жазады Qazaqstan TV.
Құжатқа сай егер ұшақ техникалық ақауға байланысты үш сағатқа кешігетін болса, әуе компаниясы жолаушыларға өтемақы төлеуге міндеттеледі. Қаржы көлемі жолаушы баратын бағыттың қашықтығына байланысты болмақ.
Мәселен ұзақтығы бір жарым мың шақырымнан асатын рейстер кешіксе 250 еуро, бір жарым мыңнан 3 мың шақырымға дейін 400 еуро, ал қашықтығы 3 жарым мың шақырымнан асатын халықаралық бағыттағы әуе рейсі кешіксе, жолаушыға 600 еуро көлемінде өтемақы беріледі.
Қаржы Түркия орталық банкінің бекіткен курсы бойынша түрік лирасымен төленуі тиіс.