Түркия 2023 жылдың алғашқы 7 айында барлығы 30 миллион 93 мың 446 қонақты қабылдады, деп хабарлайды Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Түркияға 7 айда келген туристтердің 26 миллион 766 мың 240-ы шетелдік, 3 миллион 327 мың 206-сы шетелде тұратын азаматтар.
Қаңтар-шілде кезеңінде Түркияға келген шетелдіктер саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 16,22 пайыз артты.
Түркияға ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Ресей өткен жылдың бірдей кезеңіне қарағанда 59,22 пайыз артып, 3 миллион 498 мың 614 адаммен бірінші орында тұр.
Германия 7,32 пайыз өсім және 3 миллион 211 мың 724 адаммен екінші,Ұлыбритания 14 пайыз өсім және 2 миллион 63 мың 740 адаммен үшінші болды. Бұл елдерден кейін Болгария мен Иран орын алуда.