Басты

Түркиядағы Зілзала: Қаза тапқандар саны 40 мың кісіге жетті

AFAD басшысы Юнус Сезер жер сілкінісінен 40 мың 642 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер жер сілкінісінен 40 мың 642 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жексенбі, 19 ақпанда аяқтау жоспарланған.

«Қазір іздеу-құтқару жұмыстарына 13 мыңға жуық адам қатысуда. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі отанына оралды», — деді AFAD басшысы.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірқатар жер сілкінісі ең ірі табиғи апат болды. Сейсмологтар үш мыңнан аса жер асты дүмпулерін санады, олардың ең күштісінің магнитудасы 7,8-ге жетті. Бір ғана Түркияның өзінде 80 мыңнан аса ғимарат қирап, ондаған провинцияның жүздеген мың тұрғыны баспанасыз қалып, босқынға айналды.

Source
TRT Haber

TuraNews

Back to top button