Әлем

Түркиядағы су тасқынынан көз жұмғандар саны 10 адамға жетті

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел тасқынынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, деп Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Шанлыурфада 14 наурызда толассыз жаңбыр жауған. Салдарынан тасқын су провинцияның әкімшілік орталығындағы бірқатар көше мен даңғылын басып қалған. Провинцияның өрт қызметінің мәліметінше, Вейсел Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінен бес адамның мәйіті табылған. Олар сириялықтар. Осылайша, табиғи апат құрбандарының саны 10 адамға жетті.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Түркияның Шанлыурфа провинциясында толассыз жауған жаңбырдан 5 адам көз жұмғаны хабарланды. Аурухананы су басып, мектептерде сабақ тоқтаған.

TuraNews

Back to top button