Түркиядағы сириялық босқындар еліне қайта бастады
Ыстанбұлда бас қосқан босқындар оппозициялық топтардың байрақтарын желбіретіп, ұрандатты
Сириядағы жағдай өзге мемлекеттерге де әсер етпей қоймасы анық. Себебі 2011 жылдан бері елдегі азаматтық соғыс салдарынан сириялықтардың көбі басқа елдерге қашып барған еді. Енді олар елдің оңтүстігіндегі шекара бекетіне жиналды. Күзет нысаны ашылғанға дейін бірнеше сағат бұрын ол жерге адамдар келіп, шатырлы қалашық құрған.
Ыстанбұлда бас қосқан босқындар оппозициялық топтардың байрақтарын желбіретіп, ұрандатты. Таңертең шерушілер ұлттық халай биін билеп, бір-бірін құттықтады.
Насиф Канан, сириялық босқын:
— Біз Сирияға қайта оралатынымызға қуаныштымыз. Аллаға шүкір, соғыс аяқталды. Бұл біздің өміріміздегі ең үлкен тілегіміз еді.
Махмуд әл-Али, сириялық босқын:
— Мен тағы бір-екі жыл бойы университетті бітіріп, сосын қайтып барамын.
Қазір Түркияда шамамен 3 млн жуық сириялыққа босқын мәртебесі берілген. Мамандардың сөзінше, Шам еліндегі өзгерістен кейін олардың басым бөлігі оралады.
Емрах Кая, халықаралық қатынастар сарапшысы:
— Сириядағы биліктің өзгеруімен, сириялықтардың көпшілігі өз елдеріне оралуға дайын екенін айтуға болады. Әрине, нақты санын айту өте қиын. Бірақ қазірдің өзінде қайтып оралу процесінің басталғанын білеміз. Сонымен қатар Түркияда қалып қойған немесе Түркияда инвестиция жасап, отбасын құрған сириялықтар Түркия мен Сирия арасындағы достық және бауырластық байланыстарын нығайтып жатыр.
Түркияны 10 жылдан астам уақыт бойы паналаған сириялық босқындардың отандарына қаншасы және қашан оралары белгісіз. Анығы сол қарапайым халық елде бейбітшіліктің орнағанына толықтай көз жеткізуі тиіс.