Басты
Түркиядағы орман өрттері толығымен сөндірілді
Түркияның әртүрлі аймақтарында болған орман өрттері толығымен ауыздықталды. Бұл туралы елдің Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, негізінен Измир, Маниса және Биледжик облыстарында тіркелген өрт ошақтары толық бақылауға алынды. Өртті сөндіру жұмыстарына қатысқан қызметкерлердің, еріктілердің және жергілікті билік өкілдерінің үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның одан әрі таралуының алды алынды.
Ведомство алдағы уақытта да жағдайды қадағалауды жалғастырып, қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге әзір екенін хабарлады. Министр Юмаклы өртті сөндіруге белсене қатысқан және зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында ауқымды орман өрттері басталғаны хабарланған болатын. Бірнеше күн ішінде 150-ден астам өрт оқиғасы тіркелген еді.