БастыДенсаулықҚоғам

Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне екі жыл толды

Түркия апат құрбандарын еске алып, зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Жер сілкінісінен зардап шеккен Хатай, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Османие, Килис, Адияман, Малатия, Элязыг және Бингөл облыстарында мыңдаған адамның өмірін қалыпқа келтіру үшін баспанамен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, медициналық көмек көрсету және т.б. шаралар атқарылуда.

Түркияyның Қоршаған ортаны қорғау, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 340 мың жаңа тұрғын үй салынды, ал 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 450 мыңға жетуі жоспарлануда. Уақытша паналау үшін контейнер қалашықтары тұрғызылып, мектептер мен ауруханалар қалпына келтірілді. Бүгінге дейін 10 жаңа аурухана ашылып, 63 мың сынып бөлмесі жөнделді.

Мәлімдемеде айтылғандай, өңірлерде экономиканы тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы саласындағы өндірушілерге қаржылай көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, мәдени мұраны сақтап қалу үшін тарихи ғимараттар қайта қалпына келтірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 6 ақпанында Түркия тарихындағы ең ауыр табиғи апаттардың бірі орын алды. Магнитудасы 7,7 және 7,6 балл болған екі ірі зілзала 11 облыстағы мыңдаған ғимаратты қиратып, 53 мыңнан астам адамның өмірін қиып, миллиондаған адамды баспанасыз қалдырды.

Екі жыл өтсе де, Түркия аза тұтып, жарасын емдеуде. Қайғы мен қиындыққа қарамастан, елде жаңа өмірдің іргесі қалануда

TuraNews

Back to top button