Басты

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны артты

Екі жойқын жер сілкінісі болған аймақта мыңнан астам афтер сілкініс тіркелді

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 8,5 мыңнан асты,  Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы (AФАД) мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

AФАД мәліметінше, жер сілкінісінен 12 873 адам қаза тауып, 62 937 адам жарақат алған.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Source
Anadolu Agency

TuraNews

Back to top button