Әлем
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты, деп хабарлайды Turanews.kz AFAD табиғи апат зардаптарын жою басқармасы сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурф, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатье және Элазигте барлығы 38 044 адам (жер сілкінісінен) қаза тапты. Өңірде алғашқы жер сілкінісінен бері 4,7 мыңнан астам жерасты дүмпуі болды», – делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.