Басты
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 мың 674-ке жетті

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 мың 674-ке жетті, деп хабарлайды Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Апат және Төтенше жағдайларды басқару басқармасы 6 ақпанда болған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта қаза тапқандардың саны 17 674-ке, жараланғандар саны 72 897-ге жеткенін хабарлады.
6 мың 444 қираған ғимараттың қирандыларында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстарын қосқанда 113 мың 201 жеке құрам жұмыс істеа жатыр.
Өңірге жөнелтілген 94 мыңнан астам отбасылық шатырдың 73 мың 11-і орнатылды.
Аймаққа 95 жылжымалы асхана, 79 қоғамдық тамақтандыру көлігі, 4 жылжымалы пеш, 39 далалық асхана, 1 контейнерлік ас үй және 86 қызметтік көлік жөнелтілді.