Әлем

Түркиядағы жер сілкінісінен 6 мыңнан аса шетелдік қаза тапты

Түркия вице-президенті Фуат Октай өткен айда елдің оңтүстігінде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 49 589-ға жеткенін айтты, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың 6807-сі шетел азаматтары.

Түркияның төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы(AFAD) жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларға 31 миллиард лира (1,6 миллиард доллар) жіберді, ал мемлекеттік органдар мен ұйымдар 22,3 миллиард лира (1,1 миллиард доллар) жіберді, деді Фуат Октай.

Бұған дейін 6 ақпанда болған жер сілкінісінің салдарынан Түркияда 48 448 адамның қаза тапты.

TuraNews

Back to top button