Басты

Түркиядағы жер сілкінісіне – 1 жыл: ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия халқына көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2023 ж. 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында орын алған жойқын жер сілкінісінің бір жылдығына байланысты Түркия халқына көңіл айтты.

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 ж. 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында орын алған жойқын жер сілкінісіне байланысты, 2023 ж. 3 қарашада Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық Саммитінде Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 6 ақпанды Апат құрбандарын еске алу және ниеттестік күні деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Осындай ауыр кезеңде Қазақстан ТМҰ-ға мүше елдермен бірге Түркияға қол ұшын берген алғашқы мемлекеттердің бірі болып, түркі бірлестігінің мызғымастығын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТМҰ-дағы Төраға ретінде бауырлас Түркияға тезірек қалпына келуін және келешек өркенденуін тілейді!», — денілген хабарламада.

Source
TRT Haber

TuraNews

Back to top button