Басты
Түркиядағы жер сілкінісінде 18 мың 342 адам қаза тапты
6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мың 342-ге жетті.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәлімдемесіне қарағанда эпицентрі Түркиядағы жер сілкінісінен сағат 8.30-да 18 мың 342 адам қаза тауып, 74 мың 242 адам жарақат алды.
Қазіргі уақытта 29 мың 622 іздеу-құтқару тобының далада екенін атап өткен Оқтай ауылдарға да шоғырланғандарын, әр ауылға жеткенше жұмыстардың аяқталмайтынын айтты.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.