Басты
Түркиядағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер саны артты
Кахраманмараштың Пазаржык ауданында 7,4 балдық жер сілкінісі болып, 284 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды.

Апат және төтенше жағдайларды басқару президенттігі (AFAD) мәлімдемесінде «284 азаматымыз қаза тауып, 2 мыңнан астам азаматымыз жарақат алды. Кахраманмараштағы жер сілкінісі Түркия уақыты бойынша 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болды» делінген.
Жер сілкінісі 10-нан астам қалада сезілді.
Табиғи апаттан кейін халықаралық көмекті қоса алғанда, 4-ші деңгейлі ескерту жасалды.
Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, 6 ақпанда Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440- жарақат алды және 140 ғимарат қираған.