Әлем

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 45 мыңнан асты

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға жетті. Бұл туралы Turanews.kz хабарлайды.

Түркияның Анадолы ақпарат агенттігінің жазуынша, жерасты дүмпулерінен кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелгені анықталып отыр. Қазіргі кезде апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына Түркия мен шет елдердің тиісті қызметтерінен 6 368 адам тартылған. Сонымен бірге құтқару жұмыстарына жұмысқа 234 мыңнан астам жұмылдырылған.

Олардың арасында AFAD қызметкері, полиция, әскерилер мен еріктілер бар. Хабарламаға сәйкес, қалпына келтіру жұмыстарына экскаваторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су тасушы машиналар, тіркемелерден тұратын 18 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілгені атап өтілді.

Жел сілкінісінен кейін 11 аймақта және 332 елді мекенде уақытша контейнерлік қалашықтар құрылған.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығыс аумағында қуаты 7 балдан асатын жер сілкінісі болды. Соның салдарынан бірнеше қалада үйлер құлап, құрбандар саны күн сайын көбейе түскен. Зілзаладан кейін құтқару жұмыстарына 88 елден 11 мың арнайы мамандар қатысты. Іздестіру-құтқару бойынша еліміздің Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушылар арнайы екі лекпен аттанған болатын.

TuraNews

Back to top button