Басты
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 41 мыңнан асты

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020-ға жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою департаменті (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz.
AFAD мәліметінше, Кахраманмараштың Пазаржык және Эльбистан аудандарында болған жер сілкінісінен кейін 6 мың 212 афтер сілкініс тіркелді. Жер сілкінісі болған аймақтарда Түркиялық және шет елдерден келген іздеу-құтқару топтарының 19 436 мүшесі жұмыс істеуде.
Төтенше жағдайлар департаменті Түркияның Кахраманмараш және Хатай провинцияларын қоспағанда, көптеген аймақта құтқару жұмыстары аяқталып жатқанын растады.