Әлем
Түркиядағы жер сілкінісі: Қазақстандықтар жинаған ақша көлемі 10 млн долларға жетті
Қазақстанда Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 4,5 миллиард долларға жуық қаражат жиналды.

Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің мәліметінше, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов өз қорынан зілзаладан зардап шеккен Түркия халқына көмек көрсету үшін 5 млн доллар аударды, деп Turanews.kz хабарлайды.
«Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде Қазақстанда ашылған шотқа 5 млн доллар аударған Өтемұратов қорына алғыс айтамыз. Осылайша, Қазақстанда Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге 10 миллион долларға жуық қаржы жиналды.», — делінген мәлімдемеде .