Басты

Түркиядағы жер сілкінісі: 76 адам қаза тауып, 440-і жарақат алды

Кахраманмараштың Пазаржык ауданындағы 7,4, Газиантепте 6,4 және 6,5 балдық екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі әсер еткен Малатияда 23 адам қаза тапты. Әкім Хулуси Шахин жер сілкінісі салдарынан 420 адамның жараланғанын, 140 ғимараттың қирағанын білдірді.

Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440- жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп Анадолы агенттігіге сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

АА

Бүгін, 6 ақпанда Түркияның Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мәлімет бойынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

АА

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда — Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

АА

Жер сілкінісі дүйсенбі күні таңға жуық болды. Ол кезде қаладағы тұрғындар ұйықтап жатқан болатын және соққыға дайын болмаған. Құтқарушыларды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

АА

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.

 

 

Source
Daily SabahTRT World

TuraNews

Back to top button