Түркиядағы апат орнынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп хабарлайды Turanews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді» деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды.
Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.