Әлем

Түркияда зілзаладан бергі он үшінші күні 2 адам құтқарылды

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 296 сағаттан кейін үйінді астынан үш адам құтқарылды, бірақ олардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Антакья қаласында құтқарушылар Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шүкру Канатлы кварталындағы үй орнын қазған.

Жерасты дүмпулерінен кейін 296 сағатта ер адам, әйел және бала құтқарылды, олардың аты-жөні әлі анықталмаған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жіберілді.

Source
Anadolu Ajansı

TuraNews

Back to top button