Әлем

Түркияда зілзала құрбандарының саны 40 мыңға жуықтады

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті. Бұл туралы TRT ұлттық телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Оның айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтты.

6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

TuraNews

Back to top button