
Жарлық Түркия үкіметінің ресми бюллетенінде жарияланды. Құжатта «Түркі тектес шетелдіктердің Түркияда өз мамандығы мен қолөнерін еркін жүзеге асыруына, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторда жұмыс істеуіне мүмкіндік беру туралы» заңға толықтырулар енгізілгені айтылған.
Жаңа ережелерге сәйкес, енді түркі мемлекеттерінің азаматтары Түркия жерінде заңды негізде жұмыспен айналыса алады. Олар мемлекеттік ұйымдарда да, жекеменшік салада да, сондай-ақ қолөнер және кәсіби мамандықтар салаларында да түрік азаматтарымен бірдей құқықтармен еңбек етуге құқылы.
Жұмысқа орналасу үшін;
- азаматтың тұруға рұқсаты болуы,
- ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірмеуі,
- дипломының теңдігін
- және түркі қауымдастығына жататынын дәлелдеуі қажет.
Мамандардың пайымдауынша, бұл шешім — түркі елдерінің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі және Анкараның соңғы жылдары насихаттап келе жатқан бірлік пен бауырластық ұстанымының нақты іске асуы болып табылады.