БастыТуризм

Түркияда Троя жылқысының мүсінін қалпына келтіру жұмысы аяқталуға жақын

Троя жылқысының мүсіні Чанаккале провинциясындағы Тевфикие ауылының маңында орналасқан ежелгі Троя қаласының кіреберісінде тұр.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі тарихы 5500 жылға созылатын көне Троя қаласының аумағында ағаштан жасалған жылқы мүсінін қайта жаңғыртып жатыр, деп жазады Анадолы.

Троя жылқысының мүсіні Чанаккале провинциясындағы Тевфикие ауылының маңында орналасқан ежелгі Троя қаласының кіреберісінде тұр.

Троя жылқысы Гомердің екі поэмасы — «Илиада» және «Одиссея» арқасында кеңінен танылды.

Ағаш мүсіннің құрылысы Чанаккале мұражайының директоры Илхан Акшиттің ұсынысымен 1973 жылы басталған.

Биіктігі 15 метр болатын ағаш мүсін 1974 жылы көпшілікке таныстырылды.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында ағаш мүсіннің тозған бөліктері жаңартылды. Қазіргі уақытта атты қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

©Анадолу агенттігі

Мүсін 31 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтетін Чанаккале мәдени жолы фестивалі аясында көпшілік назарына ұсынылады.

Троя мұражайының директоры Рыдван Гелжүктің айтуынша, Троя туралы аңызда айтылатын, ғасырлар бойы әскери трюк ретінде сипатталған троялық жылқы — әлемдегі ең маңызды ескерткіштердің бірі.

«1974 жылы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі ежелгі Троя қаласының маңында ағаш жылқы орнату идеясын ұсынған», — дейді ол.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button