
Түркияда жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды, деп жазады 24.kz.
Қаза тапқандардың екеуі ұшқыш, біреуі дәрігер және жедел жәрдем қызметкері. Оқиға Муғла қаласында болды. Әуе көлігі оқу-зерттеу ауруханасынан шығып, Анталия қаласына бармақ болған. Бірақ ұшу алаңынан көкке көтеріліп бара жатқанда ауруханының 4-қабатына барып соғылып, құлап түсті.
Болжам бойынша апатқа ауа райының құбылуы себеп болуы мүмкін. Оқиға кезінде ауданда қалың тұман тұрған. Апаттан ауруханадағы адамдар зардап шекпеген. Қазір апат себептері анықталып жатыр.