Басты

Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады: бортта Қырғызстанның 3 азаматы болған

Түркияның Мендерес аймағында (Измир маңында) орман өртін сөндіруге қатысқан тікұшақ апатқа ұшырап, Тахтали бөгетіне құлады, деп жазады Turanews.kz Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға бір күн бұрын, 16 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 23:53-те тіркелген.

Түркияның Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тікұшақтың бортында төрт экипаж мүшесі болған, оның үшеуі Қырғызстан азаматы.

Қырғызстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәлімдемесіне сәйкес, қазір бір қырғыз азаматы ауруханада жатыр және қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Бас консулдық қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр», – делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button