Басты
Түркияда террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен 24 адам қамауға алынды
Анкара Бас прокуратурасы Түркияның Құрлық күштері қолбасшылығында Фетуллахшы террор ұйымының (ФЕТО) құпия құрылымына қатысты жүргізген тергеуде 24 күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.
Түркияның қауіпсіздік күштері елдің 9 провинциясында жүргізген іс-шаралар барысында ФЕТО (Түркияда тыйым салынған — ред.) террористік ұйымына қатысы бар 24 қамауға алынды.
Оның 14-і — Түрік қарулы күштері құрлық әскерлерінің сарбаздары. Бірі мешітте имам болса, екіншісі бұрын әскери институтта оқыған. Қалған 8 адам басқа салаларда жұмыс істеген.
Олар ұсталмау үшін қалалық телефон желісін пайдаланып ұйымның басшыларымен айланысқан.
Күдіктілер Фетхуллах Гюленнің «Хизмет» қозғалысының (Түркияда тыйым салынған — ред.) идеяларына адал азаматтарды пайдаланған.
Сонымен бірге қазіргі кезде құқық қорғау органдары олардың жақтастары мен заңсыз ұйымға қатысы бар басқа адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.