Басты

Түркияда теракт болып, 4 адам қаза тапты

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая шабуылдың TUSAŞ нысандарына бағытталғанын растады. Ол бұл шабуыл барысында қаза тапқандар мен жараланғандардың бар екенін мәлімдеді.

Теракт Түркияда «Anka» ұшқышсыз ұшақтары жасалып, «F-16» ұшағы модернизацияланатын «Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимаратының кіреберісінде болған. Салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылды.

Теракт салдарынан Кахраманқазан ауданында, 17 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған компанияның үлкен нысанында жарылыс болды.

Шабуыл жасаушылар компания аумағына бақылау өткізу пункті арқылы кіруге тырысқан, бірақ күзет қызметкерлерімен қақтығысқа түсіп, содан кейін атыс пен жарылыс орын алған. Түрік ақпарат құралдары жарылыс күзетшілердің ауысу сәтінде болғанын хабарлады. Шабуылдан кейін зауыт қызметкерлерін қауіпсіз жерлерге эвакуациялау қажет болған.

Анкарадағы нысанға шабуыл жасаған террористер автоматтармен, тапаншалармен қаруланған, өздерімен бірге көптеген оқ-дәрі алып келген.

TUSAŞ – Түркияның аэроғарыш саласында жұмыс істейтін компания. Ол ұшақтар, дрондар және басқа да әуе техникасын әзірлеп, өндірумен айналысады.

 

TuraNews

Back to top button