
Анкарадан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде орналасқан Токаттың Сұлусарай ауданында 5,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Anadolu жазды.
Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы – Сұлусарай аймағы. 5,6 балдық жерасты дүмпуі сағат 18:11-де тіркелген.
Жер сілкінісінің тереңдігі – 5,99 шақырым, көрші провинцияларда да сезілген.